SHABYT LAB

Шабыт осы сәттен басталады!
Shabyt Lab — бұл Unico Play компаниясы алғаш рет елімізде ұйымдастырып отырған қысқаметражды фильмдерге арналған жаңа форматтағы сценарийлік питчинг жобасы. Қатысушылар кәсіби менторлардың жетекшілігімен сценарийлерін экрандық туындыға айналдырады.

Бұл тек өтінім беру емес — сен шынайы шығармашылық зертхананың мүшесіне айналасың. Мұнда алғашқы күннен бастап тәжірибе жинап, өндіріс процесіне тікелей қатысасың, өз командаңды табасың және көрерменге әсер ететін оқиғаңмен бөлісу мүмкіндігіне ие боласың.

Unico Play жобасы жас авторларға еліміздің киноөнерінде есімі танымал әрі табысты мамандармен бірге жұмыс істеуге жол ашады. Әр қатысушы өзіне шабыт сыйлайтын менторды таңдап, фильмнің алғашқы нұсқасынан бастап финалдық титріне дейін бірге жұмыс істейді.



Желтая кошка | Черный, черный человек | Голиаф | Дала қасқыры
Дәстүр | Отыздан асып барамын | Sham School
Мадина | От
Адильхан Ержанов
Режиссер, сценарист, Asia Pacific Screen Awards байқауының лауреаты
Продюсер және режиссер
Режиссер, продюсер, сценарист, Tokyo International Film Festival қатысушысы
Қуаныш Бейсек
Анара Жунусова
Продюсер, сценарист, CEO Uni-Q
Приговор | Черный двор | Малай
Желтая кошка | Дала қасқыры | Кадет
Кинооператор, Америкалық киноөнер және ғылым академиясының мүшесі (Оскар)
Еркинбек Птыралиев
Дархан Тулегенов
Режиссер, сценарист, Еуропалық киноакадемияның мүшесі
Братья | Sheker. Последний шанс
Sheker | Shulamah
Режиссер және сценарист
Айтөре Жолдасқали
Еркебулан Куришбаев
Qara студиясының бас продюсері
OYU | Қаш | Зере | Взаперти
Айжан Қасымбек
Менторлар туралы
Сенiмен Қазақстанның үздік режиссерлері мен продюсерлері жұмыс жасайды, олар идеяны нағыз шынайы киноға айналдыра алатын мамандар
Байқаудың механикасы
30 мамыр – 15 шілде 2025
1. Өтінімдерді қабылдау

Сауалнаманы толтырып, сценарийіңді тірке де, бірге жұмыс жасағың келетін менторыңды таңда.
15 шілде – 15 тамыз 2025
2. Өтінімдерді қарастыру

Shabyt Lab жобасының әрбір сегіз менторы бір сценарийді таңдап, онымен жеке жұмыс істейді. Олар Unico Play компаниясының креативті продюсерлерімен бірге барлық өтінімдерді қарап, ерекше әрі бірегей туындыларды іздейді. Іріктеуден өткен жағдайда, жобаң жарыққа шығуға бір табан жақындайды.
тамыз – желтоқсан 2025
3. Фильм өндірісі

Сен киноөндірістің барлық кезеңдеріне қатысасың: дайындық, түсірілім, монтаж және постпродакшн. Желтоқсан айында барлық жобалар жабық көрсетілім аясында үлкен экранда қатысушыларға, менторларға және жобаның командасына ұсынылады. Ең үздік фильмдер халықаралық фестивальдерге жолдама алу мүмкіндігіне ие болады
Байқау таймлайны
30 мамыр – 15 шілде

өтінімдерді қабылдау
15 шілде – 15 тамыз

сценарийлерді қарастыру
20 тамыз

жеңімпаздарды жариялау
21–27 тамыз

жеңімпаздардың менторлармен кездесуі
25 тамыз – 20 қыркүйек

түсірілімге дайындық
21 қыркүйек – 30 қазан

түсірілім кезеңі
Қараша – желтоқсан

постпродакшн
Желтоқсан

жобаның аяқталуы, дайын фильмдердің көрсетілімі
Талаптар

  • Жасы 16-дан асқан Қазақстан Республикасының азаматы

Тәжірибе:
  • Портфолио мен түйіндеме болуы қажет
  • Кино индустриясында жұмыс тәжірибесі міндетті емес, алайда қысқаметражды фильмдер, reels немесе вайнерлік түсірілімдер тәжірибесі артықшылық болып есептеледі
  • Жүзеге асырылған жобалардың болуы және осыған ұқсас байқауларға қатысу тәжірибесі артықшылық ретінде саналады
  • Презентациялық дағдылардың болуы — өз идеяңды сенімді түрде ұсыну қабілеті.
  • Байқау кезінде басқа да ұқсас байқауларға қатыспау.
  • Заң бұзушылықтардың болмауы қажет

Идея мен концепция
5–12 минуттық хронометражға сай, түсінікті және оригинал идея

Сценарий тілі
  • Қазақша, орысша немесе ағылшынша

Кейіпкерлер саны
  • Түсірілім процесін жеңілдету үшін кейіпкерлер саны аз болуы қажет

Практикалық түрде іске асырылу мүмкіндігі
  • Арнайы эффектілердің, күрделі декорациялар мен көпшілік сахналардың мүлдем аз болуы
  • Қарапайым, қолжетімді локациялар
  • Фильмді 1-3 түсірілім күнінде түсіруге мүмкіндік болуы керек
Үміткерге:
Сценарийге:
  • Арман қуған кішкетай адам
  • Басыңа іс түскенде
  • Тыйым салынған махаббат
  • Күтпеген оқиға
  • Алғашқы махаббат
  • Бір-ақ тұтам...
  • Мінез сынағы
  • Белгісіз батыр
  • Қиялдағы өмір немесе Елес өмір.
Өз хикаяңды бастауға түрткі болатын тақырыптар жинағы
Идеядан баста
Shabyt Lab — қазақ киносының болашағына дем беретін жаңа есімдерді іздейтін алаң. Бұл – шығармашылық ортада орныңды табуға арналған бірегей мүмкіндік. Жоба – отандық  киноиндустрияны дамытуға бағытталған тың бастама.
Ал, бастаймыз ба?
© ТОО "Тор-Медиа", 2025
Made on
Tilda